Туған күні: 5 шілде 1972 жыл
Ұлты: қазақ
Білімі: жоғары, Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университеті,
педагогика және психология мамандығы (2011 ж.)
Жалпы еңбек өтілі: 34 жыл
Білім саласындағы өтілі: 12 жыл
ӨмірбаяныИсаева Гульжамал Егизбаевна 1972 жылы 5 шілдеде Арыс қаласында дүниеге келген.
1978–1988 жылдары Арыс қаласындағы №18 С.М.Киров (қазіргі С.Қожанов) атындағы қазақ орта мектебінде білім алды.
Еңбек жолын 1989 жылы Арыс аудандық жұмысшылар кооперативінде қарапайым жұмысшы ретінде бастаған. 1990 жылдан бастап Арыс КССП мекемесінде кассир, 1994 жылы нормалаушы, 1996 жылы кадр бөлімінің инспекторы қызметтерін атқарды.
Мекеме жабылғаннан кейін білім саласына ауысып, 2011 жылы С.Қожанов мектебінде мұғалім болып еңбек етті.
2012 жылы – әлеуметтік педагог,
2017 жылы – мектеп психологы,
2022 жылдан – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2024 жылдан бастап
С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектептің директоры қызметін атқарып келеді.
Марапаттары мен жетістіктеріКөпжылдық еңбегі мен білім саласына қосқан үлесі үшін бірнеше мәрте марапатталған:
- 2021 ж. – ҚР «Білім шыңы» қоғамдық бірлестігінің грамотасы;
- 2022 ж. – «Алтын білім кілті» ғылыми-әдістемелік орталығының дипломдары (2 рет);
- 2022 ж. – Арыс қаласы Адами әлеуетті дамыту бөлімінің дипломы;
- 2022 ж. – Түркістан облысы «Өрлеу-РК» оқу орталығының алғыс хаты;
- 2023 ж. – Түркістан облыстық мәслихатының грамотасы;
- 2023 ж. – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының мадақтамасы;
- 2023 ж. – «Білім бастауы – тәрбие» атты авторлық бағдарлама сертификаты.
Кәсіби ұстанымыГульжамал Егизбаевна – жоғары жауапкершілігімен, кәсіби біліктілігімен және ұжыммен үйлесімді жұмыс істеу қабілетімен ерекшеленетін тәжірибелі басшы. Ол оқушылардың тұлғалық дамуы мен тәрбиесіне, мектептегі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға ерекше мән береді.